RU

Голливуд актері қазақстандық «Тоқал» фильміне түсті (фото)

Қазақстандық «Тоқал» фильмінде белгілі американдық актер Джексон Рэтбоун шетелдік кәсіпкердің рөлін сомдайтын болды.

Тоқал мәселесі тек қазақ қоғамында емес, әлемнің дамыған бірқатар мемлекеттеріндегі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Сондықтан, аталмыш туындының авторлары фильмді бірнеше мемлекетте түсіруді ұйғарған.

Халықтың қызығушылығын оятқан киноның әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілімнің қалай өрбіп жатқаны жайлы қысқаша үзінділер жарияланған.

Айта кетейік, актер Джексон Рэтбоун Қазақстан халқына «Сумерки» фильміндегі қанышер Джаспердің рөлімен таныс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/989963-amerikalyq-akter-qazaqstandyq-toqa.html