RU

Тұла бойы тартылып, ес-түссіз жерге құлайтын сәбидің анасы халықтан көмек сұрады

Әлі екі жасқа да толмаған Ерасыл Әбілғазы Вест синдромы деп аталатын ауруға шалдыққан. Бүлдіршінге бұған дейін Израиль медицинасы көмектесе алмапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Веста синдромы 2 жасқа дейінгі үш мың баланың бірінде ғана кездестін ауру түрі. Оның сипаты – сәби өзінен-өзі тұла бойы тартылып, ес-түссіз жерге құлайды. Ерасылда бұл белгілер үш айлығында пайда болыпты. Кенеттен тоқ ұрғандай дірілдеп, көзі айналып кетеді екен. Ауруы басталғанда тамырының тартылуы күніне 30-дан 70-ке дейін қайталанады. Дер кезінде емдемесе, Ерасылдың ақыл-ойы дамымай, денесі де кембағал болып қалуы мүмкін.

Өткен жазда ата-анасы Израильге апарғанымен, ондағылар емдей алмапты. Енді кезекті емі үшін ақпан айында Түркияға баруы керек. Ол жақта ем диета әдісімен жүргізіледі екен. Бірақ ол үшін 3 млн теңгедей қажет. Ата-анасы енді қайырымды жандарға үміт артып отыр.

"20 жыл болыпты осы диетаны бастағалы. Сол жиырма жылдың ішінде екі-ақ жағдай сәтсіз болыпты.  Ең бірінші сол диетаны қолданған бала келіпті оларға, 20 жаста, қазір университетте оқиды дейді. Енді соған үміттеніп отырмыз", - дейді Ерасылдың анасы Динара Медиум.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990060-ozinen-ozi-tula-boyy-tartylyp-es-tussi.html