RU

Астанадағы айырбас нүктелерінде доллар 350 теңгеден сатылып жатыр

NUR.KZ -ке оқырмандардың хабарлауынша, Астанадағы айырбас нүктелерінде доллар 350 теңгеден, ал Алматыдағы айырбас нүктелерінде АҚШ ақшасы 345-346 теңгеден сатылып жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Kurs.kz-тегі мәліметтерге сәйкес, Алматының айырбас нүктелерінде доллар 344 теңгеден сатылып жатқанын хабарлаған едік.

Ал таңертен Астанада АҚШ валютасын сатуды, тіпті тоқтатқан болатын.

Еске сала кетсек, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 340 теңгеге жетіп, бір күнде АҚШ ақшасы үш рет қымбаттағынын хабарлаған едік. Сонымен бірге еліміздің сарапшылары 1 АҚШ доллары 400 теңгеге жетуі мүмкін екенін де болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990172-almatynynh-ayyrbastau-nuktelerinde-d.html