RU

Ғалымдар: Өзгеге көмек ету күнделікті күйзелістен құтқарады

Йель университетінің ғалымдары қызық қорытындыға келді. Олардың айтуынша, егер адам күнделікті өмірде досына немесе мүлде танымайтын өзге біреуге қол ұшын созатын болса, бойына жиналып қалған күйзелістен арылады екен.

Ғалымдар өткізген тәжірибеге 18 бен 44 жас аралығындағы жетпіс жеті адам қатысқан. Еріктілер оның барысында күні бойы өздерін қажытып, күйзелткен жағдайларды қағазға тіркеп жазып, артынша зерттеушілерге хабарлап отырған.

Сынақтар соңында адам айналасындағы жұртқа неғұрлым көп көмектессе, жаны соғұрлым шаттанып, көңіл-күйі көтеріліп, бойындағы күйзеліс пен шаршаудан арылатыны байқалған.

Ал күндіз бойы бір де бір адамға жәрдем етудің реті келмегендер болса, керісінше, ұнжырғасы түсіп, көңіл-қошсыз болған екен, деп хабарлайды informing.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990314-ghalymdar-ozgege-komek-etu-kundelikti.html