RU

Нұртас Шманов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып тағайындалды

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдиннің өкілеттіктері берілген өтінішке сәйкес мерзімінен бұрын аяқталып, 2015 жылдың 16 желтоқсанынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып Нұртас Шманов тағайындалды.

Нұртас Нұрыбекұлы Шманов 1956 жылы Атырау қаласында туып, Уфадағы мұнай институтын «мұнай-газ құбырларын, газ қоймалары мен мұнай базаларын жобалау және пайдалану» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік академия жанындағы нарық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сонымен бірге Бостондағы (АҚШ) Массачусетст университетін бітірген болатын.

36 жылдан аса уақыт бойы осы салада қызмет етуде. Ол негізгі технологиялық жабдықтауды жөндеу жөніндегі слесардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолды бастан кешті.

«Южнефтепровод» ӨБ («Транснефть» АК), «Теңізшевройл» ЖШС, «Каспий құбыр консорциумы - Ресей», «ШевронНефтьГаз», «ШевронМұнайГаз», «Шеврон Оверсиз Петролеум Инк» сияқты компаниаларында жауапты лауазымдарға ие болды. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қаңтар айы арасындағы уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) лауазымын иемденді.

Н.Н. Шманов - мұнайшылар әулетінің өкілі. Әкесі Нұрыбек Нәбиұлы - сала ардагері, «ыстық» мұнай құбырларын пайдалану мәселелерін зерттеген, өз тәжірибесі мен білімдерін практикалық жұмыста қолданған алғаш қазақ ғалымы еді. Нұрыбек Шманов есімімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай айдау стансаларының бірі аталынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990375-nurtas-shmanov-qaztransoyl-aq-bas-di.html