RU

Маколей Калкин «Один дома» фильмінің есейген кездегі бас кейіпкерін сомдамақ

35 жастағы Калкин көлік басқара алмайтын жүргізушінің образын сомдайды. Оқиға желісіне сәйкес, жолаушы рөлді басқарып, жүргізушісі оған балалық шағында басынан кешкен қиындықтарын әңгімелей жөнеледі.

Таксист есімін атамағанымен, бала кезінде алған психикалық шогы жайында айтып береді. Оның айтуынша, ол сегіз жаста болғанда ата-анасы Рождество мерекесінде оны үйде ұмытып кетіп, бір апта жалғыз тұрады.

«Мен өзімді және өз үйімді есі кеткен екі қарақшыдан қорғадым. Ол кезде жай ғана ойын баласы едім. Әлі күнге қорқынышты түстер маза бермейді. Түсімде тақырбас адам соңымнан қуып келе жатқан сияқты», - дейді кино кейіпкері.

Орта жолда көлікті тапанша кезенген бейтаныс ер адам тоқтатып, таксист әңгімесін аяқтамай үзуге мәжбүр болады. Одан құтылу үшін жүргізуші бала кезгі машығын пайдалануына тура келеді, деп жазады SFGate.

Еске салайық, «Один дома» фильмдер желісінің бірінші бөлімі айналымға 1990 жылы шықты. Жеті айдың ішінде картина 476,6 млн доллар жинап үлгерген.

1992 жылы көгілдір экранға «Один дома-2: Нью-Йоркте адасқан» атты сиквелы шығады. Осы картиналарда басты рөлді Маколей Калкин сомдайды. Актер картинаның қалған үшінші және төртінші бөлімдеріне түскен жоқ.

Жалпы, Маколей Калкин киноға жиі түспейді. Оның соңғы жұмысы 2016 жылға жоспарланған «Адам гриннің Аладдині» атты фильм. Оған дейін актердің ««Секс және таңғы ас» (2007 год) комедиясына түскенін еске сала кетейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990448-makoley-kalkin-odin-doma-filmininh.html