RU

Шетелдіктер Қазақстан туралы не біледі?

Қазақстан тәуелсіз 24 жылдың ішінде танымал болып, халықаралық аренада өз орнын сайлауға кірісті. Сол арада әлем жұртшылығы біздің елді қалай қабылдап, қалай танып-білуде?

NUR.KZ порталы еліміз туралы шетелдіктердің пікірін ztb.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Милан Палмер, Англия

"Мен жақында ғана Қазақстан президенті Назарбаев екенін білдім. Қазақстан Қытаймен шекаралас екенін білемін. Бар білерім осы".

Калин Эпюр, Румыния

"Қазақстан - бұрынғы КСРО елдерінің бірі. Білуімше, бұл ел Ресеймен шекаралас, сол себепті олармен қарым-қатынасы жақсы. Қазақстан тұрғындары әлемнің ең ауыр тілдерінің бірі - орыс тілін жетік меңгерген".

Никита Ермолаев, Ресей

"Менің әжем Қазақстанда, Қостанайда тұрады. Бала кезімде оған жиі баратынмын, бірақ қазір оқуыма бола бара алмай жүрмін. Шынымды айтсам, бала кезімде мен мұның өзге ел екенін де түсінбейтінмін, себебі қазақтар өте қонақжай халық және мен өзімді қашан да үйде жүргендей жайлы сезінетінмін".

Рагсана Рустамова, Әзірбайжан

"Казақстан - әлемнің ең үлкен елдерінің бірі. Бұл елде кез-келген ірі ел үшін қажет мұнай, газ және көмір бар. Сіздер де біз секілді Наурыз мейрамын тойлатасыздар. Біз көп тұстарда ұқсас келеміз".

Нелли Калустова, Армения

"Қазақстан - Армения секілді посткеңестік елдердің бірі. Онда орыс тілінде сөйлейді және көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның президенті - Нұрсұлтан Назарбаев. Ал елдің басты қаласы - Астана. Мен, сонымен қатар қазақтардың біз секілді етті жақсы көретінін білемін".

Рабил Сикдар, Үндістан

"Қазақстан туралы жаман ештеңе естіген емеспін, бізде кейбіреулер, тіпті ол жаққа білім алу үшін кетіп жатыр. Солай арзанырақ. Білуімше, Қазақстанда кедейлік пен соғыс жоқ".

Тамара Матвеева, Ресей

"Қазақстан - достастығы жарасқан ел. Ол жерде ешуақытта болған емеспін, дегенмен Қазақстаннан достарым мен таныстарым бар.  Олардың дені - қазақтар. Олардың бәрі тату-тәтті өмір сүруде, шағымданғандарды жолықтырған емеспін. Әрине мінсіз мекен жоқ, бірақ бәрі адамның өзіне тікелей байланысты".

Хлоя Мэй, Англия

"Меніңше, бұл Азиядағы елдердің бірі. Бұл ел туралы айтарлықтай ештеңе білмеймін".

Лина Личих, Германия

"Бұл Ресейдің маңындағы елдердің бірі, бұрынғы кеңестік ел. Бұл елде көптеген жақсы спортшылар бар, атын есте сақтамасам да теледидардан көргенім есімде".

Вентислава Михайлова, Болгария

"Қазақстан көптеген елдермен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Сіздің елдеріңіз тыныш, ал қазіргі уақытта бұл өте маңызды көрсеткіш. Біздің елде сіздердің президенттеріңізді жақсы біледі және құрметтейді".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990679-sheteldikter-qazaqstan-turaly-ne-bile.html