RU

Ақтөбелік келіншек қызына тил тигізгені үшін күйеуін пышақтап тастады

Ақтөбеде азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйелдің соты басталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады Kerek-info.kz.

Жұмыссыз әйел азаматтық некедегі күйеуін “қызымды балағаттады” деп пышақтап тастаған. Бұл оқиға қазанның 5-і күні Қандыағаш қаласында болды.

Ерлі-зайыпты екеу бірге ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасып қалады. Сөз арасында ер адам әйелінің жасөспірім қызына тіл тигізген. Ас ішетін бөлмеде ұйықтап жатқан қызын оятып алмау үшін шамды жақпаған әйел ас үйден пышақ алып келеді. Бұл сәтте ер адам төргі бөлмеде шалқасынан жатқан.

Мемлекеттік айыптаушы Амангүл Жұмағалиеваның сөзіне қарағанда, жанжал түнгі 00:15 шамасында туған. Ер адам алдымен үй иесінің қызын тілдеп, артынша әйелдің жағынан тартып жібереді. Осы сәтте жүйкесі сыр берген әйел ас үйге барып пышақ алып келген.

Қансырап жатқан жігіттің әлі де тірі екендігін көрген әйел 00:30 шамасында оның жүрегіне пышақ сұғып алған. Зардап шегуші сол жерде тіл тартпастан кетеді.

Қырық жастағы әйел сотта өз айыбын мойындап отыр. Еш жерде жұмыс істемейтін айыпталушының екі қызы бар. Тұңғышы тұрмыс құрған. Кенжесі әпкесімен бірге тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990720-aqtobe-oblysynda-qyzyna-til-tigizgen.html