RU

Нұрсұлтан Назарбаевтың ең қызықты жүлделері мен атақтары

Қытай мультфильмінің кейіпкері, құрметті орденнің серісі, музыкалық жүлде лауреаты - мұның бәрі бір адамға, еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты екеніне сену қиын.

NUR.KZ порталы Қазақстан президентінің ең қызықты жүлделері мен атақтарын ztb.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

"Жыл адамы-2015" жүлдесінің лауреаты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Халықаралық қатынастар" номинациясы бойынша "Жыл адамы-2015" жүлдесінің лауреаты атанды. Президентке аталмыш жүлдені Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына және халықаралық саясаттағы жетістіктеріне алғыс ретінде ұсынған. Еске салсақ, Назарбаев 2012-2014 жылдары да бұл жүлденің лауреаты атанған болатын.

Түркменстанның құрметті ақсақалы

Түркменстанда 2014 жылы өткен брифингте Нұрсұлтан Назарбаевқа "Түркменстан халқының құрметті ақсақалы" атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Ол бұл атаққа Түркменстан мен Қазақстанның достастық қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесі үшін ұсынылған.

Қытай мультфильмінің қаһарманы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Уфада көрсетілген анимациялық фильм кейіпкерлерінің біріне айналған. Мультфильмде ШЫҰ саммитері туралы айтылады.

Саммитті не үшін біріктіргендерін, оның мақсаты қандай екенін түсіндіретін туындыда президент өзге елдің басшыларымен бірге футбол ойнап, велосипед теуіп жүрген кейпінде көрсетіледі.

Музыкалық жүлденің лауреаты

Осы жылы Астанада өткен жыл сайынғы "Муз-ТВ 2015. Гравитация" ұлттық жүлдесінің 13 марапаттау рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев лауреттардың бірі атанды.

Айта кетерлігі, бұл жүлде аясында бұрын-соңды президенттер лауреат атанып көрмеген. Назарбаевқа "өмірге қосқан үлесі үшін" арнайы номинация берілді.

Шетелдік Олимипиада алауы эстафетасының шырағын ұстаушы

2008 жылдың 2 сәуірінде Назарбаев шетелдік Олимипиада алауы эстафетасының алғашқы шырақ ұстаушысы атанды. Халықаралық олимпиадалық қозғалысқа деген сүйіспеншілігін осылайша білдірген президент Пекин Олимпиадасының өтуіне өзіндік қолдау көрсеткен.

Пия орденінің серісі

2001 жылы Назарбаев Ватиканның шетелдік мемлекет басшыларына арналған ең үздік марапаты - Пия орденіне ие болды. Орденді президентке Рим папасы II Иоанн Павлдың шешімімен Қазақстандағы апостолдық нунций Мариан Олесь табыстаған.

Осылайша, Назарбаев Пия орденінің шынжыры бар сері киімін кию құқына ие болды.

Александр Невский орденінің 107-ші кавалері

2015 жылдың 9 шілдесінде Уфадағы ШЫҰ саммиті барысында Ресей президенті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Александр Невский орденінің 107-ші кавалері атағын беріп, Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының нығаюына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990847-nursultan-nazarbaevtynh-enh-qyzyqty-zhu.html