RU

Францияда Аяз атаның бұғысын мен шанасын ұрлағандарды қала мэрі іздеп жатыр

Францияның Лонжюме қаласында қала мэрі жер-жерлерге ұрлаған адамдардан Аяз Атаның шанасы мен бұғыларын қайтаруын сұрап, хабарлама іліп қойған.

 

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Француз Аяз Атасы балалар қызық көріп, тамашаласын деген оймен орталық алаңға өзінің шанасын қойып кеткен. Алайда екі апта өткеннен кейін шананы бұғыларымен қоса ұрлап кеткен.

Кең сахна айналасында тұрған ашық қызыл түсті шана мен жегілген төрт бұғы бейнесі қазір жоқ.

«Біз ашулымыз. Шана сол жерде қаңтардың ортасына дейін тұруы керек болатын. Балаларға қатты ұнайтын. Олар өздерінің ата-аналарымен алаңға келіп, суретке түсетін», - деді қала басшысы.

«Шананың құны 5,4 еуро тұрады. Аяз Ата мен қалаға тиесілі болғандықтан, қайтаруларыңызды сұраймын», - деді ол хабарландыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/990962-franciyada-ayaz-atanynh-bughysyn-men-shana.html