RU

БҚО-да өрттен қос зейнеткер қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында «Жарсуат» ЖШС-ының күзет орнына лайықталған ғимаратында 16 желтоқсан күні аумағы 2 шаршы метрді қамтыған диван мен жеке заттар өртенген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 17 желтоқсан күні сағат 11.05-те өрт орнынан 1952 жылғы және 1950 жылғы екі зейнеткердің мүрдесі табылған.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991193-bqo-da-ortten-qos-zeynetker-qaza-tapty.html