RU

Көкшетауда халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтамақ болған облыс әкімі ұятқа қалды (видео)

Көкшетауда тәуелсіздік қарсаңында өткен ауқымды шарада желтоқсаншылар елеусіз қалды деп хабарлайды 31 арна.

Лық толы көрермен алдына шыққан облыс әкімі Сергей Кулагин ұзаққа созылған құттықтау сөзінде тәуелсіздіктің тарихын желтоқсаншылармен емес, соғыс және еңбек ардагерлерімен байланыстырды.

Желтоқсаншылар туралы шара өткізуге жергілікті әкімдік құлықсыздық танытқан соң, шара өткізу мәселесін қазақ жастары өз қолдарына алды.

Олар қоғамдық көліктерде  желтоқсаншыларға арнап ән айтып, өлең оқыды. Нақты мереке күндері мұнан өзге Көкшетауда ешбір шара ұйымдастырылмады. Сондықтан жастардың бұл тартуы көңілімізді бір көтеріп тастады дейді жолаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991247-kokshetauda-khalyqty-tauelsizdik-kuni.html