RU

15 ай ашық теңізде адасып кеткен мексикалық балықшы серігінің етін жеген

Мексикалық балықшы Хосе Сальвадор Альваренга 15 ай бойы ашық теңізде адасып кетіп, аман қалған. Дегенмен, ол енді сот алдында адам каннибализмі үшін жауап беруі мүмкін деп хабарлайды skifnews.kz.

Альваренганы құқық қорғаушылар жанындағы серігі Иезекииль Кордобаны өлтіріп, етін жеді деп айыптауда. Бұл жайында The Independent басылымы хабарлап отыр. Қайтыс болған балықшының туыстары адам етін жеген күдіктіден 1 миллион доллар талап етті.

Альваренганың қорғаушысы Рикардо Кукалонның айтуынша, бұл оқиға 2013 жылы орын алған. Аман қалған балықшыны 2014 жылдың қаңтарында Тынық мұхитындағы Маршалл аралдарынан жергілікті тұрғындар тауып алыпты. Мұнан кейін Альваренга өзінің теңіздегі өмірі жайында кітап жазды.

"Қайтыс болған Кордобаның туыстары Альваренга кітап сатып байып кетті, содан ақша алуымыз керек деген есеппен сотқа жүгініп отыр", - дейді адвокат.

Сол кезде 36 жаста болған Хосе Сальвадор Альваренга 2012 жылдың қараша айында 22 жастағы Кордобаны жанына ертіп, екі күнге теңізге балық аулауға шығады. Алайда, дауыл тұрып, жел олардың қайығын ашық теңізге қарай әкетіп қалған. Ұзақ уақыт ашыққан екеуі балықпен, құстардың етімен, тасбақаның қанымен қоректеніпті.

Денсаулығы сыр беріп, өлуге айналған Кордоба көз жұмар алдында денесін аман-есен туыстарына тапсыруын Альваренгаға аманат еткен. Алайда, қатты ашыққан балықшы берген уәдесін ұмытып, серігінің етімен қоректенген.

Альваренга жалғызсырамас үшін Кордобаның мәйітін қайықта 6 күн сақтаған екен. Алайда, сасыған иіске одан әрі шыдай алмадым дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991437-15-ay-ashyq-tenhizde-adasyp-ketken-meksika.html