RU

Регина Вандышева «Әлем аруы-2015» байқауынан құралақан қайтты

Қытайдың Хайнань аралында «Әлем аруы-2015» конкурсының финалдық сыны өтіп, испаниялық ару жеңімпаз атанды.

Тартысты додада 23 жастағы Испан сұлуы Мирея Лалагуна Ройо «Әлем аруы-2015» атанды.

Екінші орынды «Ресей аруы» София Никитчук еншілесе, үшінші орынды индонезиялық сұлу Мария Харфанти қанжығалады.

Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған 23 жастағы Регина Вандышева 13 орынға табан тіреп, үздік 20 арудың қатарына енді.

Спорт шеберлігіне үміткер саналатын Регина байқауда 13-ші орын иелену өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтып, әлеуметтік желіде барлық қолдаушыларына және анасына алғыс айтты.

Сонымен қатар, Вандышева Қазақстанның намысын әлемдік сында қорғау ол үшін үлкен мәртебе екенін жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991539-alem-aruy-2015-bayqauynda-ispaniyalyq.html