RU

Эстония президенті орыс тілін "басқыншылар тілі" деп атады

Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес орыс тілін «басқыншы биліктің тілі» деп атады.

Мұны оның Швейцарияның Der Bund газетіне берген сұхбатында мәлімдегенін Err.ee жеткіздідеп жазады ras.kz.

Эстон мемлекетінің басшысы орыс тілінің 50 жыл бойына жоғары мәртебелі «мырзалар ұлтының» тілі болғанын, ал өзінің сол артықшылығын жоғалтып алған кезде оны залал ретінде қабылдағанын айтты.

Сол сұхбатында Томас Хендрик Ильвеске орыс тілінің неге Эстонияның ресми тілі болмайтыны сұралған.

«Ол неге ресми тіл болуы керек? Мәселен, біз сіздің еліңізді жаулап алдық дейік, сосын жарты ғасырдан кейін сіздерге эстон тілін ресми етіңіздер десек, қалай болады? Басқыншы билік бүкіл елді басып алады да, оның жүздеген мың адамын Сібірге жөнелтеді, ал ол жақтың адамдары бері жібереді. Енді біз түпкілікті тәуелсіздік алған кезде басқыншы биліктің тілі елдің екінші мемлекеттік тілі болуы керек пе? Маған мұндай күлкілі сұрақтарды қоймаңыз!», – деп жауап берді бұған эстон лидері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991561-estoniya-prezidenti-orys-tilin-basqyn.html