RU

Астанада аязға байланысты бастауыш сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды

Бүгін Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.

Бұл туралы  елорданың төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Елордада сағат 6:00-де ауа температурасы -21 градус аязды көрсетті.

Еске салайық, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда сабақ өтпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991960-astanada-birinshi-auysymdaghy-1-4-synyp-oq.html