RU

Отандық маман: Ішімдік ішкендер өз миын дәретімен шығарып тастайды (видео)

Әлеуметтік желілерде ішімдікті не себепті ішуге болмайтынын түсіндіруге тырысқан маман Марат Сәрсенбаевтың видеосы таралып кетті.

"Бұл видеоны бәріміз көрейікші, келешек ұрпақ үшін", - деп жазған видеомен бөліскендердің бірі Шолпан Бимбетова өз жеке парақшасында.

"Бас миындағы жүйке жасушалары ішімдіктен өледі. Олар өліп қана қоймайды, бас сүйектің астында сасиды. Сасыған кезде адамның басы ауырады, ашушаң болады, шаршайды. Өлген жасушалар басты ауыртып жатқан соң адамның ағзасы одан құтылуға тырысып, әлгіні кіші дәретпен шығарып тастайды."Кім кеше арақ немесе сыра ішсе, таңертеңгісін өз миын дәретімен шығарып тастайды" дегенді Жданов атты ғалым айтқан. Мен дәрігермін. Этил спирті - ол у. Арақ деген өте қорқынышты нәрсе. Ішімдік - ашытқы бактериялардың  зәрі. Сырада әйел гормоны бар. Сыра ішкен сайын ер кісіде әйел гормоны көбейіп, импотенцияға ұшырайды. Ал әйелдердің сырадан кейін жыныстық қатынасқа сұранысы күшейіп кетеді. Ондайлар бір күнде 7-8 адаммен жыныстық қатынаста бола береді", - деп бастады дәрісін  «Халал» индустриясы қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.

Ол сөз арасында Құранда бекерден ішімдікке тыйым салынбағанын айтып, шошқа етінің харам екені, тіпті інжілде де айтылғанын алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991966-otandyq-maman-ishimdik-ishkender-oz-miy.html