RU

Ғалымдар беттегі әжімнің пайда болу себебін атады

Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары ерте жастан әжім түсудің себептерін атады. Медицина мамандарының пікірінше, адамдар көп жағдайда өздеріне ыңғайлы матрас іздейді де, жастықты көп таңдай қоймайды.

Адамның жатысының дұрыс болмауы дененің ісініп, әжім түсуіне себеп болады екен.

«Адамның қандай жағдайда ұйықтауы  оның денсаулығы мен сыртқы келбетіне әсер етеді», - деп атап өтті ғалымдар.

Мамандар қатты жастыққа жатқан жөн деп есептейді, себебі жұмсақ  жастықтар бет терісінің өзгеруіне әсерін тигізуі мүмкін.

«Жұмсақ әрі құс жастықтарда жату ұйқы кезінде ағзаның қан айналымының бәсеңдеуіне алып келеді. Бұл ерте бастан терінің босаңсуына, ісінуге және әжім түсуіне себеп болады», - дейді ғалымдар.

Сондай-ақ зерттеушілер құс жастыққа жатпаудың тағы бір себебін айтты: Құс жастықтарда болатын шаң-тозаңдар аллергиялық реакциялар тудырады, ал бұл түрлі ауруды қоздыруы мүмкін, мысалы демодекоз, ал бұл бет терісін бүлдіреді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/991975-ghalymdar-zhumsaq-zhastyqtynh-bettegi-azh.html