Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазнетте жұртты дүрліктірген жартылай жалаңаш қыздардың видеосы

Опубликовано:

Тойлар мен іс-шаралардағы жартылай жалаңаш қыздардың биі Қазнет пайдаланушыларын таң қалдыруды доғарар емес. Күн өткен сайын мұндай видеолар әдептіліктен алыстай беруде.

NUR.KZ порталы ең атышулы жартылай жалаңаш қыздардың видеосын ztb.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Тараздағы эротикалық сайыс

Жақында Тараздағы студенттер күнінде өткізілген эротикалық сайыстың видеосы Қазнетті жарды. Белгілі болғандай, сайыста нәзік жандылар аузына қарындаш алып, жігіттің тізесінде жатқан қағаз майлықты тесуі тиіс болған.

"Мисс бикини ТМД-2015"

"Мисс бикини ТМД-2015" байқауында болған жайт талай адамның ашуын келтірді. Онда бойжеткен мінберге Қазақстан туын алып, бикинимен шығады. Әр елдің арулары мінберге өз туын алып шығуы тиіс болған.

Алматы көшесімен жүйткіген Subaru Legacy

Алматы көшесімен жүйткіген Subaru Legacy-дің люгінен жартылай жалаңаш арудың қылтиғаны да бірталай елдің назарын өзіне аудартқан. Бойжеткен еш қымсынбастан әуретті жерлерін өткен-кеткенге көрсетіп әлек.

Қостанайдағы стриптиз

Ал Қостанайда стриптиз соңы дауға ұласты. Стринги киген арулар жартылай жалаңаш күйде қала аралаймын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақ тойындағы атышулы видео

Қазақ тойындағы бұл атышулы видеоны бірталайы көріп үлгерген. Бойжеткеннің бейәдеп биі көпшіліктің жағасын ұстатқан еді.

Тағы бір тойдағы қуыршақ биі

Тағы бір тойдың қызығы. Қонақтардың бірі жас жұбайларға қуыршақ биін сыйға тартады. Онда биші біртіндеп жалаңаштана бастайды.

Мәскеуде сауда жасаған қазақ қызының әдепсіздігі

Жақында әлеуметтік желілерге Мәскеудегі дүкендердің бірінен сауда жасамақ болған қазақстандық жас жұбайлардың әдепсіздігі туралы видео жарияланды. Аталған видеодан қазақ тілін түсінбейтін сатушыларды қазақ қызының оңдырмай балағаттағанын байқаймыз.

Ұйқыдағы "арудың" айтқандары

Бұл видеоның Ақтау қаласында түсірілгені белгілі болды. Көшедегі орындықтардың бірінде ұйқыға кеткен ару өзін оятқандарды аяған жоқ.

 Жатақханадағы қазақ қыздарының төбелесі

Қазақ қыздары жұдырық жұмсап, бір-бірін аямай тепкіге салудан да тартынбайды. Жатақхана бөлмесіндегі өрімдей қыздардың төбелесі көпшілікті шошытқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/992041-qaznette-zhurtty-durliktirgen-zhartyl/

pixel