RU

Семейде кәсіпкердің заңды әйелі мен тоқалы артынан қалған мұрасына таласып жатыр

Семейде кәсіпкердің жесірі оның көңілдесімен мұра үшін соттасуда. Бастапқыда сот мүлікті тоқалына беруді ұйғарған, алайда аппеляциялық инстанция бұл шешімді заңсыз деп таныды. Мұраны иелену құқығы заңды әйеліне қайтарылғанымен, ол өз құқын пайдалана алмай отыр. Бұл туралы «Времяға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Гүлзипа Таубышева жолдасы Сағатбекті екі отбасына өмір сүруге өзі жол беріп қойғанына өкінішпен қарайды. Ол мүгедекке айналып, күйеуін өмір қуанышынан айырғысы келмеген. Сағатбек әйелі мен үш баласын тастап кетпей, барынша қаржылық қолдау көрсетіп отырған. Оларға азық-түліктен бастап, басқа да қажетті дүниемен қамтамасыз еткен. Тіпті ауылдан Семейге көшіріп әкелген.

Сағатбек азаматтық некедегі әйелі Ғалия Райымбековамен (есімі өзгертілген) 10 жыл бірге тұрған. Олар бірге бизнес көтеріп, азық-түлік дүкенін ашады.

Гүлзипаны ұлымен бірге қалада көңілдесінің атына жазылған пәтерге көшірген. Ал Ғалия сол арада 4 бөлмелі пәтер алып, қыздарын да баспаналы етеді.

Ал кәсіпкердің аяқасты қаза болуынан кейін көңілдесі оның атындағы барлық мүлікті алуға ниетті екенін білдірген. Нақтырақ айтқанда, екі жер телімі, жаңа дүкен және 2013 жылғы KIA көлігі. Сот даулы мүлік Райымбекова мен Таубышевтің 10 жылда ортақ қаражатына жасалған деп танып, Ғалияны заңды мұрагері еткен.

Ал қыркүйекте апелляцилық коллегия бұл шешімнің күшін жойып, барлық мүлік Табуышеваға тиесілі деп таныған. Алайда Гүлзипа өз құқын пайдалана алмай отыр.

«Мұрагерлік құқықты пайдалану үшін мүлікке құқықты бекітетін құжат қажет. Алайда олар Сағатбектің заңсыз әйелінің қолында көрінеді. Ал менде ол құжаттың тек көшірмесі ғана бар», - дейді Гүлзипа.

Гүлзипа сот арқылы құжатын қайтара алмаған. Ал әйелге бүгінде Сағатбектің туған ағасы Мұрат көмектесуде. Оның айтуынша, Райымбекова Сағатбектің дүкенінен тауарлар мен витриналарды әкетіп үлгерген.

Мүгедек әйел күйеуінен ешуақытта артық дүние талап етпегенін алға таптты. Тіпті тоқалы пәтер алып жатқанда да, дәл соны заңды күйеуінен талап етуге батпаған. Себебі ол кезде Сағатбек жаңа дүкенін ашып әлек болған.

Күйеуінің қазасынан кейін Райымбекова кәсіпкердің заңды отбасын тұрып жатқан пәтерінен қуып жіберген. Гүлзипа қызының саяжайына көшсе, ұлы ағасының үйіне көшуге мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/992240-semeyde-kasipkerdinh-toqaly-men-zanhdy.html