RU

Қазақстан туралы 40 қызықты дерек

Өзге елге сапарға шығар алдында біз ол туралы көбірек білуге тырысамыз. Ал Қазақстан туралы саяхташылар қандай қызықты деректерді білген дұрыс деп санайсыздар?

Қазақстан туралы 40 қызықты деректі ztb.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

1. Қазақстан аймағы Еуропа мен Азияда қатар орналасқан.

2. Қазақстан жерінің үлкендігі бойынша әлемде 9-шы орында тұр.

3. Қазақстанда 17 млн адам мен 130-дан астам ұлт тұрады.

4. Қазақстан табиғи қор жағынан әлемнің ең бай мемлекеттерінің бірі (Менделеев кестесіндегі 105 элементтің ішінде 99-ы Қазақстанда кездеседі).

5. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем елдері арасында 7-орында тұр. Газ қорынан 6-орынға және ураннан 2 орынға тұрақтаған.

6. 2010-2011 жылдары Қазақстан ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИКҰ-ға төрағалық еткен.

7. 2011 жылдың қаңтарында Қазақстанда 7-шы Қысқы Азия ойындары өтті.

8. Елімізде 1000-ға жуық этномәдени орталықтарды байланыстыратын Қазақстан халқының ассамблеясы қызмет етеді.

9. ТМД бойынша ұлттық театрлар тек Қазақстанда жұмыс істейді - корей, ұйғыр, өзбек, неміс театрлары.

10. Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4 сьезді өткізілген.

11. Қазақстанда Рождество мерекесі мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі секілді демалыс күні саналады.

12. Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде 4 орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты.

13. Қазақстандық "Байқоңыр" ғарыш айлағынан адамның ғарышқа тұңғыш сапары жасалды.

14. Қазақстан - әлемдік қарым-қатынастардың интерактивті моделі - G-GLOBAL-дың құрылуына себепкер болған.

15. 2011 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады.

16. Астана - әлемдегі ең жас астана деп саналады.

17. Астанадағы құрылыстың бас жобасының авторы танымал жапондық архитектор Кисе Курокава болды.

18. Астана 1999 жылы ЮНЕСКО-ның "Әлем қаласы" жүлдесін иеленген.

19. Астананың бас нышаны - Бәйтерек өзінің орналасқан жерімен және құрылымымен ежелгі көшпенділердің космогоникалық көзқарастарын аңдатады.

20. Астанада "Қазақстан" киноконцерттік залы 3,5 мың адамды сыйдыра алады және онда зал конфигурациясы мен акустикасын өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

21."Қазақстан" киноконцерттік залын авангардтық жобалаушы сәулетші Манфреди Николетти салған.

22. Астанада Бейбітшілік және келісім сарайын бүкіл әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостермен салған.

23. Норман Фостердің жобасы - «Хан шатыр» әлемдегі шатыры бар ең ірі құрылыс және Қазақстандағы ең ірі лайф-стайл орталығы деп танылды.

24. Астанада аймақтағы ең ірі органдық зал жұмыс істейді.

25. Астанада мұхиттан ең шалғай орналасқан океанариум (3 000 шақырымнан астам қашықтықта) бар.

26. Елдегі ең биік орнатылған республиканың ең үлкен туы Астананың мемлекеттік нышандар алаңында орналасқан (тудың ені - 450 шаршы метр, ту ілгіштің биіктігі – 111 метр).

27. Астананың ашық аспаны астында "Қазақстан картасы - Атамекен" атты этно-мемориалды кешен құрылған. Кешенде Қазақстанның барлық облыстарының негізгі нысандарына макет жасалған.

28. 2012 жылдың желтоқсанында Астанада Ұлттық опера және балет театры ашылды. Аталмыш театр өнердегі соңғы жетістіктерді негізге ала отырып салынған.

29. Астанада ғұн мен сақ дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жәдігерлердің басын біріктіретін Ұлттық мұражай салынуда

30. Қазақстанда 40 республикалық және 8 мыңнан астам облыстық мәдениет орталықтары қызмет етеді.

31. Елімізде Тәуелсіздік жылдарында 18 жаңа театр салынған.

32. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде 2004 жылдан бастап, "Мәдени мұра" ұлттық стартегиялық жобасы жүзеге асырылуда.

33. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті қорғандарында жүргізілген қазбалар мен "сақ-сібір аң стиліне жататын" алтын бұйымдар әлемдік танымалдыққа ие болды.

34. Қазақстан Дамаскідегі Сұлтан Әз-Захирдің мавзолейі мен оның Каирдегі мешітін қайта қалпына келтірген.

35. Қазақстан Дамаскіде Әл-Фараби мавзолейі мен тарихи-мәдени орталығын ашты.

36. Моңғолияға экспедиция барысында біздің дәурімізге дейінгі VIII ғасырдың руна жазулары бар көне түрік тас мүсіндерінің көшірмелері жасалынды. Тоныкөк пен Теркін ескерткіштерінің көшірмелері Лев Гумилев атындағы Ұлттық университеттің ішіне қойылды.

37. Еуропаның үздік ұлттық кітапханалары мен Ватиканның құпия архивіне жасалған ғылыми экспедицияның нәтижесінде 77 қолжазбаның және 200 мерзімді басылымның көшірмелері жасалды. Олардың арасында IV Папа Урбанның Құлағу ханға жазған хаты, Алтын орда хандарының Ватикан папаларымен хат алмасулары, әлемде жалғыз саналатын «Ас-сах ат-Тауарих» (Жалпыға ортақ тарих, 1440 ж.) атты қолжазба бар.

38. Қайталанбас «Қорқыт деде кітабы» (1585 ж.) қолжазбасының көшірмесі алынды. Зерттеушілер үшін Омельян Притсактың "Қарлұқтардан қарахандықтарға дейін"атты туындысының мәтіндері көшірілді.

39. Соңғы 3 жыл ішінде екі мемлекеттік мұражай-қорым - "Есік" пен "Берел" толықтай қалпына келтірілді.

40. Елдің ұлттық фольклорлық мұрасы 100 томға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/992398-qazaqstan-turaly-40-qyzyqty-derek.html