RU

​Әзірбайжан ұлттық валютасын еркін айналымға жіберді

Әзірбайжанның орталық банкі ұлттық валюта – манаттың еркін айналымға жіберілгенін хабарлады. Бұл туралы бүгін банк таратқан хабарламада айтылған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Манаттың долларға шаққандағы ресми бағамы 21 желтоқсанда 1,55 манат/доллар деңгейінде белгіленді, ал бұдан үш күн бұрын 1,0499 манат/доллар болған еді. Еуроға шаққандағы ресми бағамы – 1,685 манат/еуро шамасында.

Реттеушінің хабарламасында айтылғандай, «мұндай шешім (манатты еркін айналымға жіберу туралы) елде валюта резервтерін критикалық деңгейде сақтау және ұлттық экономиканың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/992648-azirbayzhan-ulttyq-valyutasyn-erkin.html