RU

Мұрат Әбенов: Дағдарыс кезінде "гаишниктерді" қысқарту керек

 "Өрлеу" АҚ Ұлттық Орталығы директорлары кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов қазақстандық жолдардан барлық ГАИ қызметкерлерін алып тастауды ұсынды. Оның пікірінше, жол полициясы қызметкерлерінен еш пайда жоқ.

Қоғам белсендісі өз пікірін Facebook-тегі жеке парақшасында жариялаған.

"Бізге "гаишниктердің" немесе "маишниктердің" не қажеті бар? Дағдарыс кезінде оларды қысқартып тастау керек... Ешкім де байқамайды. Дұрысы, қарапайым жүргізушілер ғана байқап, қысылтаяң уақытта көмек болды деп алғысын айтады", - деп мәлімдеді Әбенов.

Белсенді сонымен қатар өзінің Түркістаннан Шымкентке сапары туралы айтып берді.

"Көктайғақ, жолдар тазартылмаған, тек елді мекендерге ғана аздап сепкен. Көтерілетін және түсетін жолдар қауіпті, өте қауіпті, тайғанақтап қаласың. Осы орайда форма киген адамдардың - тығылып радармен тұратын бізді қорғаушылардың атқаратын рөлі түсініксіз. Қауіп туралы ескерту жоқ, қосымша белгілер қоюды да ойламайды. Олар жүргізушілерге "аңшылық құруын" жалғастыруда. Оларға басшылықтың жаңа жылдық корпоративі маңыздырақ сыңайлы. Бізді жеткізіп салған жүргізуші үлкен айыппұлдардың кесірінен көбі шопырлықтан бас тартып жатқанын айтып, шағымданды. Жолда үздіксіз тоқтатып, пара беруге мәжбүрлеулері жалықтырған. Грузия секілді бұл түкке жарамсыз қызметті таратып жіберу керек", - деп қосты Мұрат Әбенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/992921-deputat-daghdarys-kezinde-gaishnikter.html