RU

Қазақстандықтар жаңа жылдық «Оливье» салатына қанша қаржы жұмсайды?

Жаңа жылдық «Оливье» салатын дайындауға ең көп қаражат жарататындар Атырау тұрғындары, ал салатқа керек ингредиенттерге ең аз ақша жарататындар Орал қаласының тұрғындары екенін ҚазТАГ агенттігі жүргізген мониторинг көрсетті.

«Оливье» салатын дайындауға ҚазТАГ тілшілері келесідей тағамдарды пайдаланды: шұжық - 0,5 кг, картоп - 0,5 кг, жұмыртқа - 5 дана, сәбіз - 300 г, пияз - 100 г, майонез – 250 г, жасыл бұршақ – 200 г, тұздалған қияр - 700 г.

Сөйтіп, осындай тағам үшін атыраулықтар ең көп қаражат жаратады екен – 2155 теңге, ал ең аз қаржы жұмсайтындар Орал тұрғындары болып шықты. Олар осы салат үшін – 1336 теңге жұмсамақ.

Ал Астаналықтар осы салат үшін 1455 теңге, алматылықтар –1490 теңге жаратады.

Өз кезегінде Қостанайда осы салат үшін 1725 теңге, Павлодарда – 1654 теңге, Талдықорғанда - 1611 теңге жұмсалады. Қалған аймақтардағы баға Тараз бен Шымкенттегідей 1445-1584 теңге аралығында құбылып тұр.

Осы тағам бағасын анықтау үшін осы салатқа қажет ингредиенттердің базардағы бағалары да қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993008-qazaqstandyqtar-zhanha-zhyldyq-olive.html