Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 8 баласымен жесір қалған әйелге NUR.KZ оқырмандары көмек көрсетті (фото)

Опубликовано:

Өткен аптада NUR.KZ порталы  8 баласымен жесір қалған Айгүл Бермұхамбетованың қиын тағдыры туралы жазған болатын.

Көп балалы ана жағдайын айтып, көптен көмек сұрады. Әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүрген келіншек шенеуніктердің мазағына айналғанын да жасырған емес.

Келіншектің сайтта жарияланған телефонына хабарласып басу айтқан, есепшот нөміріне қаржы салғандар аз болған жоқ. Көп балалы ананың жеке есепшотына 600 мың теңгедей қаржы жиналды.

Үйге азық-түлік пен киім кишегін алып 100-ге жуық адам келген. Айгүл қуаныштан көз жасын тоқтата алар емес.

«Шүкір мейірімді адамдар бар екен. Қолындағы барын алып, қаншама адам келді. Сіздерге үлкен рахмет. Алла разы болсын», - дейді Айгүл Бермұхамбетова.

Көп балалы анаға көмек қолын созудан өнер адамдары да қалыс қалып жатқан жоқ. Абай Бегей, Айбар Серікбаев сынды танымал әншілер Instagram парақшаларында бөлісіп, көпке үндеу жасап жатыр.

"Шыма әже" болып танылған «Базар жоқ» театрының әртісі Ерболат Төлегенов көп балалы отбасының үйіне барып, «көмек көрсетем» деп уәде беріп кеткен. Үлкен сахнада танылған Ерболат Төлегенов өзі ақтөбелік. Танымал азаматтың қолдау білдіріп, үйге арнап келгені отбасыға күтпеген тарту болды.

Айгүл Бермұхамбетова қиын кезде жанашырлық танытқан қайырымды жандардың барлығына алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/993038-aqtobede-8-balasymen-zhesir-qalghan-ayel/

pixel