RU

Назарбаев өзіне ақ тілегін ақтарған екібастұздық кейуанаға хат жолдады

Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың хатын Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы Нұрсипат Есеналиноваға табыстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тұңғыш президент күніне орай Нұрсипат Есеналинова Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы мейрамдарымен қоса құттықтап, Астана туралы өлеңін жазып хат жолдаған. Елбасы кейуананың хатын жауапсыз қалдырмай бірден тіл қатқан.

"Құрметті Нұрсипат апай! Отбасы екеуіңіз елімізге көп қызмет еткен жандар екенсіздер. Оның үстіне ағамыз - Ұлы Отан соғысының майдангері. Маған арнаған тілектеріңізге көп-көп рахмет. Менің барлық өмірім, еңбегім халқымыздың бүгінгі-ертеңгі өмірін жақсартуға арналған. Әрдайым мені қолдап отырған халқыма, оның ішінде сізге ризамын", - деп жазылған хатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993156-nazarbaev-ekibastuzdyq-keyuana-zhold.html