RU

Атырау облысында енесін етікпен сабаған күйеу бала айыппұлмен құтылды

Сотталушы А.Өмірқалов Атырау облысы Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылындағы қайын жұртының үйіне мас болып барып, үйдегі енесі Б.Кенжебаеваның басынан резеңке етікпен ұрып, қасақана женіл дәрежелі дене жарақатын салған.

Соттағы Б.Кенжебаеваның берген түсіктемесі бойынша, күйеу баласының үсті балшық, әрі мас болып үйге келіп, өзінің баласын жылатқан. Одан жапа шегуші үйіне барып демалуды сұраған, кейін оны інісі үйіне алып кетуге келгенде А.Өмірқалов көнбей, оны да ұрған. Енесі араша түсіп, үйден шығарып жібермек болған кезде А.Өмірқалов енесін итеріп жіберіп, үйдің кіре берісінде тұрған резеңке етікпен басынан ұрып, нәтижесінде денсаулығына зақым келтірген. Сотта шағымданушы күйеу баласынан 30 000 теңге материалдық шығынды және 50 000 теңге моральдық өтемақы өндіруді сұраған.

Сотта сотталушы А.Өмірқалов өз кінәсін толықтай мойындап, енесінен кешірім сұрайтынын атап көрсетті.

Жылыой аудандық сотының үкімімен сотталушы А.Өмірқалов Қылмыстық кодекстің 108-бабымен айыпты деп танылып, 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 69 370 теңге айыппұл салынды.

Б.Кенжебаеваның пайдасына 30 000 теңге материалдық шығын және 500 000 теңге моральдық өтемақы өндірілді, деп хабарлайды Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993336-atyrau-oblysynda-enesin-etikpen-saba.html