RU

Европа мамандары еркек жынысын әйел жынысына қалай өзгертетінін көрсетті (видео)

Видеода ер адамның жыныс мүшесінің бір бөлігі мен екі жұмыртқасын кесіп алып, одан әйелдің жыныс мүшесі мен зәр шығару мүшесін жасайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еуропа мамандары еркек жынысының әйел жынысына биологиялық түрде ота жасау процесі қалай жүргізілетіні жайлы анимациялық видео жариялады. Отаның жасалуы аталған видеороликте толықтай түсіндірілген. Және олардың тілін түсіну үшін міндетті түрде ағылшын тілін білу шарт емес.

Британдық пластикалық оташы Марк Псифико және Британдық эстетика-пластикалық оташылар қауымдастығының айтуынша, жыныс мүшесін ауыстырғысы келген адам алдымен психологтың кеңесіне жүгінгені жөн болады. Өйткені бұл қайта бастапқы қалпына келмейтін ота. Мамандардың пікірінше, бұл еркектің әйел жынысына ауысуы негізіндегі тек бір ғана бөлігі екен. Ерлердің көпшілігі дауысын өзгерту үшін ота жасайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993389-evropa-mamandary-erkek-zhynysyn-ayel-zh.html