RU

Криштиану Роналду 3 жасар ливандық жетім баланың арманын орындады (видео)

 Танымал футболшы Криштиану Роналду 3 жасар ливандық Хайдар Мұстафаның арманын орындады. Бүлдіршін «Реал» клубының мерекелік дастарханынан дәм татып, «Райо Вальеканоға» қарсы ойынын құрметті қонақтар отыратын орыннан тамашалады, деп жазады massaget.kz.

Қараша айында Ливан астанасы Бейрутта болған лаңкестік әрекеттен кейін Хайдар Мұстафа ата-анасынан айырылып, ауыр жарақат алған. Кейіннен жергілікті тілші Рана Харби twitter әлеуметтік желісі арқылы #CristianoMeetHaidar деген хэштегпен флешмоб ұйымдастырған. Нәтижесінде, португалдық футболшы флешмобты ескеріп, жетім қалған баланы Мадридке арнайы шақыртыпты.

3 жасар Хайдар Мұстафа «Реал» клубына жанкүйерлік танытып, үздік ойыншысы ретінде Криштиану Роналдуды бағалайды екен. Мерекелік кеш кезінде ливандық бүлдіршінді клуб президенті Флорентино Перес те құшағына алып, ерекше ілтипат танытты. Сондай-ақ клуб жейдесін сыйға тартты.

Ал кей испан басылымдары таратқан ақпарат бойынша, Роналду Хайдар Мұстафаға құны 580 000 АҚШ долларын құрайтын Rolls-Royce автокөлігін сыйлаған.

Айта кетейік, 12 қарашада Бейрутта болған жарылыста 43 адам қаза тауып, 239-ы жарақат алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993435-krishtianu-ronaldu-3-zhasar-livandyq-zhet.html