RU

Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты

20-дан 29-ға дейінгі немесе 40-тан 49-ға дейінгілерге қарағанда 30 бен 39 жас аралығында сәбиді дүниеге әкелген әйелдердің балалары әлдеқайда ақылды және дені сау болады.

Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебінің ғалымдары осындай ақпаратқа қол жеткізді.

Зерттеушілер әйелдердің ана атанған кездегі жасы оның нәрестесінің денсаулығына әсер ететінін не әсер етпейтінін анықтау шешімін қабылдады. Бұл үшін олар  Millennium Cohort Study ауқымды бағдарламасының деректерін саралады. Онда  18 000 британиялық бала туралы ақпарат жиналған, деп хабарлады vokrugsveta.ru.

Жас аналардың және 40-49 жасында сәби туған аналардың балаларына қарағанда, 30 бен 39 жас аралығында сәбиді дүниеге әкелген әйелдердің балаларының когнитивтік қабілеттері жоғары болатыны анықталды.

Зерттеу авторы, әлеуметтік саясат саласындағы маман Элис Гоисис айтқандай, 30-39 жастағы аналар салауатты өмір салтын ұстанады, ақыл тоқтатқан, жүктілікті алдын ала жоспарлап, өзінің де, баланың да денсаулығын мән береді. Сондай-ақ темекі шегуден алшақтау, сәбилерін емізіп, оларға кітап оқитынын айтты.

Зерттеушілер жұмыс аясында 40 жастан кейін алғашқы нәрестесін дүниеге әкелген аналар туралы қосымша ақпарат жинады, осындай 53 жағдай қаралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993500-mamandar-aqyldy-sabidi-duniege-akelu.html