RU

Жамбыл облысында бұрынғы мектеп директоры мұғалімді қызметке тұрғызу үшін 50 мың теңге сұраған

Жамбыл облысының Қордай аудандық соты пара алу фактісі бойынша Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Масаншы ауылындағы орта мектебінің бұрынғы директоры Е.Ботабасоваға қатысты үкім жариялады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес 2015 жылғы қарашада Е.Ботабасованы Қордай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл қызметкерлері 50 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін ұстаған, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен. Ақшалай қаражатты Е.Ботабасова азаматша Р-дан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналастыру үшін алған.

Сот үкімімен Е.Ботабасова Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-бөлігінде көзделген (пара алу) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 2 500 000 теңге айыппұл салынып, жеке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993566-zhambyl-oblysynda-burynghy-mektep-dire.html