RU
Ақышев: Сақтап қойған ақшам жоқ, жалақымды теңгеде алып, теңгеде жұмсаймын
Жаңалықтар Финансы

Ақышев: Сақтап қойған ақшам жоқ, жалақымды теңгеде алып, теңгеде жұмсаймын

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткізген брифинг кезінде сақтап қойған ақшасы жоқ екенін жасырмады.

Ақышев: Сақтап қойған ақшам жоқ, жалақымды теңгеде алып, теңгеде жұмсаймын

Фото: СЦК

Қай валютада және қай банкта ақшасын сақтайды, валюталық нарықтағы тұрақсыздық салдарынан қанша жоғалтты деген журналистердің сауалына Ақышев: "Жинаған ақшам жоқ", - деп қысқа қайырды.

"Жиған-тергенім жоқ, жалақымды теңгеде алып, теңгеде жұмсаймын", - деп жауап берді еліміздің бас банкирі.

Журналистер сондай-ақ еліміздің басты қаржы реттеуші органының тізгінін ұстаған лауазым иесінен валюталық нарықтағы тұрақсыздық кімге пайда әкеледі деген сауалдарын қойды. Ұлттық банк төрағасы мұндай ақпаратқа ие еместігін, сондай-ақ сұрақтың "дұрыс еместігін" қадап айтты.

"Валюталық нарықтағы тұрақсыздық біздің қаржылық нарықтың құрылымындағы ағаттықтарға байланысты екенін түсінемін. Біздің мақсатымыз - барлық осы өзгерістер жұмсақ өтетіндей жағдай жасау. Біздің діттегеніміз осы. Өкінішке орай, сыртқы конъюнктура күнделікті өзгеріп тұрады. Кейде біздің пайдамызға қарай емес.Бұл ұлттық валютаның долларға деген бағамын өзгертпей тұрмайды. Сондықтан бұл туралы айту маған қиын",  - деді Ақышев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
68
144
11
9
0
39
57
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel