RU

Моншаға түсіп шыққан Әли Оқаповтың денесіне бойжеткендер қызығып қалды

Әли Оқапов әлеуметтік желіге таудағы моншаға түсіп шыққан суретін салып, ғаламтор қолданушыларын қызықтырып қойды. Әншінің шыныққан денесін көрген жанкүйер қыздар Әлидің шымыр тұлғасына тамсана қарады.

"Таудағы моншаға түстік, сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес", - деп жазған суретінің астына Оқапов.

Кумирінің шыныққан денесін көрген жанкүйер қыздар әншінің шымыр тұлғасына тамсанып, пікір қалдырған. Олар сүйікті әртісіне суық тиіп қалатынына алаңдап, әншіні жылы киініп жүруге шақырды.

Әлидің жартылай жалаңаш түрін тамашалаған жанкүйерлердің кейбірі әртістердің мұндай әрекетін тым ерсі санады. Олардың пікірінше, жұлдыздар сахнадағы өнерінен бөлек, тұрмыстағы тіршілігімен де бөліскені абзал. Бірақ, шектен шықпауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993796-monshadan-shyqqan-suretin-zhelige-salgha.html