RU

ОҚО-да баспасөз хатшысы аудан орталығында көше аттарының пайда болғанын айтып, мақтанды (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы аудан орталығы Шолаққорғанда көше аттары жазылған бағаналардың орнатыла бастағанын айтып, дүйім жұрттан сүйінші сұрады.

Бұл туралы NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі хабарлайды.

Өз сөзінде Е.Райымқұлов көше аттары жазылған бағана арқылы енді жұртшылық адаспайтын болды деп мәлімдеген. Сондай-ақ ол Шолаққорғанды Алматыға теңеген.

Бұл туралы әкімдіктің өкілі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Аудан орталығы Шолаққорған өсіп, өркендеп келеді. Құрылыс қарқынды жүріп, соңғы жылдары көптеген үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Жаңадан мөлтекаудандар салынып, аудан орталығы үлкейіп келеді. Аудан орталығына келсеңіздер тіпті адасасыздар. Сырттан келген қонақтар Шолаққорғанда адаспасын деп, көше аты жазылған бағаналар орнаттық. Енді сіздер дәл бір Алматыда (Сәтбаев-Желтоқсан көшесінің қиылысы дегендей) жүргендей баратын жерді дәл тауып, қымбат уақыттарыңызды жоғалтпайсыздар», - деп жазды баспасөз хатшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/993918-oqo-da-baspasoz-khatshysy-audan-ortalygh.html