Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балгер 2016 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты

Опубликовано:

Қытай астрологиясы мен фэн-шуйдан кеңесші Сабина Хәкімова қытайлық мыңжылдық күнтізбенің негізінде болжамдар жасайды. Сабина алдағы мешін жылында елімізді не күтіп тұрғанын болжады.

Бұл туралы Comode-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Оның болжам жасау жүйесі энергияның негізінде құралған. Сенім бойынша, көзге көрінбейтін Ци деп аталатын энергия бізді қоршап, әркімге әрқалай әсер етеді. Жыл сайын энергия алмасып, адамдарға әсері де өзгереді екен.

2016 жылдың қожайыны - отты мешін. 4 ақпаннан бастап ол өз құқықтарына ие болады. Алдағы жыл өте қарқынды әрі күтпеген жайттарға толы болады дейді маман.

Маймыл - қу, айлакер жануар болғандықтан, оған көңіл-күйі құбылмалы болу, тұрақтылық пен моральдың жоқ болу тән. 2016 жылы көптеген адамдар осындай тұсымен көбірек көзге түсетін болады.

Мешін жылында көбінің оқуға ықыласы оянады, адамдар біліктілікті арттырып, жаңа мүмкіндіктер ашуға талпынады. Тұрғындар өзінің үйреншікті жұмысынан жалығып, тіпті қызмет саласын ауыстыруға дейін баруы мүмкін. Мұндайда жылдың әсеріне еріп кете бермей, ішкі түйсікке құлақ асқан абзал. Өмірі сапарлармен байланысты адамдарды сәттілік күтіп тұр. Шетелде жұмыс табудың оңтайлы сәті туындайды.  2016 жылда жаңа орынға, тіпті өзге елге көшу жағдай көп болады.

Мәдени құндылықтарды жасаудың оңтайлы жылы болмақ. Тапқырлар мен шығармашылық адамдарына табысты жыл десек те болады. Ең бастысы, келер жылда жалқауланбай, ілгері жылжуға барыңды салу керек. Транспорт саласындағылардың да (тасымал, логистика) бағы жанады, алайда мұның көлік сатушыларға қатысы жоқ.

Банк саласы, инженерия, машина құрастыру саласындағыларды 2 жыл бойы төмен көрсеткіштер күтіп тұр. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік, сақтандыру, баспа ісі, қағазбен байланысты кәсіптерді де дөңгелететін кезең емес. Отпен байланысты кәсіптердің тасы өрге домалайды: мейрамханалар, ойын-сауық саласы, мода, шоу-бизнес.

Махаббатта абай болған абзал, себебі алдағы жылы көбі өзіне көңілдес табатын болады. Бұған эмоционалды тұрғыда тұрақсыздық себеп болмақ. 2016 жылы көңіл көтеріп, еркіндікке талпынғысы келетіндер қатары көбейеді. Сол себепті, қатты бақылаудағы жұптар арасында кикілжің туады. Әтеш жылында немесе қарашада дүниеге келгендерде ерекше тартымдылық пайда болып, олар тез арада өз қосағын табатын болады. Алайда олар қарым-қатынаста табысты көздегендердің құрбанына айналуы әбден мүмкін.

Келер жылы қаржы саласы өте тұрақсыз болады. Маймылдың бұзақы мінезі жолдағы айыппұл санының артуына да себепкер болмақ, сол себепті көлікті абайлап жүргізгендеріңіз абзал.

2016 жылы айласын асырған алаяқтар өзгелердің сенімімен ойнайтын болады. Ұрлық саны артады. Инвестиция мәселесіне өте абай болған дұрыс.

Саясат саласында әлем бойынша жанжалға толы жыл болмақ. Отты металл маймылдың жылы соғыс пен күрестің рухына толы, от - жарылыстарды білдірсе, металл - қаруды білдіреді. Жанжалдар біртіндеп 2017 жылы шешіле бастайды, ал 2018-де олар тоқтап, жағдай тұрақтанады. Маймыл жылында әуе және теңізде апаттар көбейеді.

Денсаулық саласында жұқпалы аурулар, тұмау, тыныс жолдарының дерттері, аллергия, ішек аурулары белең алады. Арқасы мен иығы ауыратындар көбейеді. Маймыл жылы салмақ тастағысы келетіндер үшін сәтті болады.

Маймыл жылында туылғандар немесе қазанда дүниеге келгендер үшін қиын жыл болмақ. Себебі жыл иесі - маймыл оларды өзінің қарсыласы деп таниды.

Жолбарыс жылында немесе ақпанда дүниеге келгендердің өмірі күрт өзгереді. Бәлкім жұмысын ауыстырады, достарын жоғалтады, көшеді, бір сөзбен айтқанда тынымсыз кезең болады.

Ит жылында туғандарға немесе қазанда дүниеге келгендерге ауыр жыл болады. Мансапта және адамдармен қарым-қатынаста қиындықтарға кезігеді. Егер олар жазда туылған болса, қаржылық жұмыстарын кейінге қалдырып, инвестиция жасауға асықпағаны абзал.

Жылан жылында және мамырда туылғандар үшін сәтті жыл. Оларды алда жетістіктер күтіп тұр.

Туған жылы 4 немесе 9-ға бітетіндердің де айы оңынан туады. Оларға үлкен қолдау көрсетіліп, жұмысы сәтті жүреді. Жылан, шошқа, мешін, жолбарыс жылында туылғандарға жолда барынша абай болу керек, ауыр жол апатына түсуі әбден мүмкін.

Мешін жылында туылғандар дарынды, шығармашылық тұлғалар болмақ. Бұл жыл балаларды дүниеге әкелуге оңтайлы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/993960-qytay-astrologiyasynynh-mamany-2016-zhylda/

pixel