RU

Маңғыстау облысында 5 жасар қызды зорламақ болған Өзбекcтан азаматы ұсталды

Маңғыстау облысында тұратын Өзбекстан азаматы 5 жасар қызды зорламақ болды деп хабарлайды lada.kz.

Оқиға 21 желтоқсан күні Мұнайлы ауданында орын алған. Бес жасар қыз көршісінің планшетінен «Маша и медведь» мультфильмін тамашаламақ болады.

Ал 25 жастағы жігіттің келіншегі Жаңаөзен қаласындағы туыстарына қыдырып кеткен. Осыны пайдаланған жігіт кішкентай қызды аймалап, арам ойын жүзеге асырмақ болады.

Қуанышқа қарай, үйге қой сойып беруін өтінген өзге көршісі келіп, жігітті алып кеткен.

Үйіне келген соң қыз бала барлық жайтты анасына айтып береді. Бүгінде 25 жастағы Өзбекстан азаматты қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/994199-manhghystau-oblysynda-5-zhasar-qyzdy-zorl.html