RU

Жапондық ірі компания 7 мың қызметкерін жұмыстан босатпақшы

Жапондық Toshiba компаниясы 7 мың қызметкерін жұмыстан босатады.

Негізінен теледидар, жеке компьютер және тұрмыстық техника шығару бөлімдерінің жұмысшылары қысқартуға іліккен, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы.

Аталған мекеме Индонезиядағы зауыты мен Токио маңындағы зерттеу кешенін де сатуға мәжбүр. Компания өкілдері мұндай қадамға қомақты шығынның алдын алу үшін барып отырғандарын айтады. Себебі 2016 жылдың 31 наурызына дейінгі қаржы жоспарына сәйкес, межелі шығын 4 жарым миллиард долларға жетуі мүмкін.

Шілде айында компанияның кіріс жөніндегі есебінде пайда көлемінің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты Тошиба дау-дамайдың ортасында қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/994225-zhapondyq-iri-kompaniya-7-mynh-qyzmetkeri.html