RU

Жартылай жалаңаш киінген «Серебро» тобының әншісі елді дүр сілкінтті

Санкт-Петербургте «Серебро» тобының әншісі Ольга Серябкина «Ең тамаша күн» фильмінің тұсаукесеріне киіп келген киімімен жұрттың бәрін таң қалдырды.

Бұл туралы metro.ru хабарлады деп жазады ras.kz.

Әнші картина көрсетіліміне жұртты еліктіріп әкететін «жалаңаш» көйлек киіп келіпті. Көйлек тігілген эластикалы мата етпен ет болып жабыса қалып, оның иесін жалаңаш жүргендей етіп көрсетеді.

Көйлектің «көркемділігін» әншінің кеуде тұсындағы терең декольте одан әрі арттыра түседі. Осы жерде оның омырауы шынында сыртқа шығып кеткелі тұрғандай әсер қалдырады.

Еске сала кетейік, «Серебро» тобының мүшесі Ольга Серябкина режиссер Жора Крыжовниковтың «Ең тамаша күн» деген фильміне түскен. Картинада ол эпатажды поп-жұлдыз Алина Шёпоттың ролінде ойнайды.

Оның кейіпкері ДПС қызметкері Петя Васютиннің (Дмитрий Нагиев) қызметтік көлігіне барып соғады, сосын жазадан құтылып кету үшін инспекторды айналдырмақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/994486-zhartylay-zhalanhash-kiingen-serebro-t.html