RU

Сарапшылар ауқатты отбасынан шыққан балалар ақылдырақ болатынын дәлелдеді

Америкада Балалар денсаулығы және адамды дамыту ұлттық институтындағы ғалымдар тобы отбасының табысы баланың IQ деңгейіне тікелей әсер ететіні туралы тұжырымға келді.

Сарапшылардың пікірінше, отбасы неғұрлым ауқатты болса, ондағы балалардың ақыл-ойы соғұрлым жоғары болады, деп жазады Росбалт.

Зерттеушілер 50 мыңнан баланы зерттеді. Қорытындылар шығару үшін, балаларды түрлі жаста - төрт айда, бір жаста және жеті жаста үш неврологиялық зерттеуден өткізуге тура келді.

Балаларды зерттеу үшін, ғалымдар ұл және қыз балаларды ата-аналарының кірісіне байланысты үш топқа бөлді - табысы төмен, орташа және жоғары отбасылардың балалары бөлек-бөлек топтастырылды.

Туған кезде балалардың неврологиялық жағдайы бір-бірінен еш ерекшеленбейді. Ғалымдар түрлі топтардағы балалардың бірінші айырмашылығын төрт айында анықтады. Айырмашылыққа тамақтану, ойын-сауық, гигиена сапасы әсер етуі мүмкін.

Балалардың жасы ұлғайған сайын айырмашылық қатты байқалды. Жеті жасқа қарай кедей отбасынан шыққан әрбір бесінші баланың неврологиялық ауытқулары болды. Бұдан басқа, кедей отбасыларда әйелдердің балалардың денсаулығына әсер ететін зиянды әдеттері болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/994623-sarapshylar-auqatty-otbasynan-shyqqan.html