Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көлікке салынатын кедендік баж салығы тағы да көтерілді

Опубликовано:

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі баж салығын, оның ішінде транспорттарға салықты төмендететін бұйрықтың күшін жойды.

Бұл туралы "Колесаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстанның ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануына орай, кедендік баж салығының көлемі айтарлықтай азайтылған болатын. Бұл қадам № 754-ші «Кедендік баж салығы қолданатын тауарлар тізімі, мөлшерлеме көлемі мен оның мерзімі» атты бұйрығымен бекітілген.

Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемесі мен жаңа кедендік баж салығының мөлшері арасында айырмашылықтар болған. Бірақ олар тура үш күн ғана жүзеге асырылды. Ол үш күннің екеуі - 16, 17 желтоқсан, демалыс күндері болатын.

18 желтоқсан күні министрлік жаңа № 777-ші бұйрық шығарды. Оған сәйкес, 2015 жылдың 14 қазанында шыққан Еуразиялық экономикалық комиссияның № 59 шешімін күшіне енгізетін №754-ші бұйрық күшін жоғалтады. Тоқтатылған құжатта Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен кейін әлдеқайда төмен баж салығын төйлетін тауарлар тізімі жарияланған болатын.

Белгілі болғандай, бұл шешім әлі күнге дейін өз күшіне енбеген. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағына тауарларды әкелу мәселесі бойынша хаттаманы ратификациялағаннан кейін ғана күшіне енеді. Аталмыш хаттама Қазақстанның тауарларды арзанырақ бағамен кедендік тазартуға жібере алатынын бекітуі тиіс. Алайда тауар ЕАЭО-ның өзге елдеріне ауыстырылған жағдайда иелері айрымашылығын қосымша төлеуі керек.

Бұл құжатқа өзге елдер бұрыннан қол қойғанына қарамастан, ресейлік тарап әлі күнге дейін қол қоймай отыр.

Тіпті хаттамаға қол қойылғанның өзінде шешім құжатты ресми жариялаудан кейін 30 күнтізбелік күн өткенде ғана күшіне ене алады. Яғни Ресей жаңа жылға қарсы қол қоятын болса, Қазақстан оны тек 2016 жылдың ақпанында ғана пайдаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/994730-qazaqstanda-kolikke-kedendik-bazh-sal/

pixel