Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Албан марқұм анасына арнап бейнебаян түсірді

Опубликовано:

Әнші әрі продюсер Нұрлан Албан жақын күндері өнер сүйер қауымға жаңа бейнебаян ұсынбақ. Әртіс өнер туындысын асыл анасына арнаған. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында айтты.

"Міне, 1 жылдан асты. Көптен бері жанымды жеп жүрген, көңілімді жарым қылған анама, жаным апатайыма деген сағыныш еді. Тіршілігінде қадіріне жеттім бе, әлде жетпедім бе? Ол бір Аллаһ тағалаға ғана аян", - дейді Нұрлан жазбасында.

"Анама деген сағынышым сағаттар, күндер, айлар, жылдар өткен сайын одан әрі молайып келеді. Мына бір жарыққа шыққалы тұрған жаңа бейнебаянды апатайыма арнадым. Иншаллаһ, жақын күндері толық нұсқасы бітіп қалар. Бір әнмен анашыма деген сағынышымды жеткізу мүмкін емес, әрине. Дегенмен де, қабыл алыңыздар!!!», - деді әнші жанкүйерлеріне.

Жаңа әннің сөзін белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жазса, сазын Ербол Спанәлиев шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/994731-nurlan-alban-marqum-anasyna-arnap-bey/

pixel