RU

Қазақстанда ерен еңбегімен көзге түскен "Жыл адамдары" анықталды

Елімізде еңбекқорлығымен, өз саласында қосқан үлесімен көзге түсіп, "Жыл адамы" атанғандар кімдер? Vласть төртінші рет өз рейтингін жүргізіп, жүлде жеңімпаздарын анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Жыл адамдары» арасында сіз қалаған тұлғаның табылмауы әбден мүмкін, бірақ бұл жүлде лайықтыларға берілді», - деп ескертеді интернет-басылым.

Жылдың қоғам қайраткері - Аружан Саин

Аружан Саин - танымал телепродюсер әрі жүргізуші. Ондаған жылдар бұрын Аружан Саин өміріндегі ең маңызды жобаны - Ерікті қайырымдылық қоғамын (ЕҚҚ) құруды қолға алады. Келесі 10 жылда Аружан еліміздегі қайырымдылық пен мейірбандықтың үлгісіне айналды. Ол ондаған бизнесмендерді қаражатын қайырымдылыққа жұмсауға көндіреді. Мұнымен қоса - балаларға ота жасаттыру үшін миллиондаған доллар жинайды.

Дағдарысқа қарамастан, бұл қор өзінің игі ісін жалғастырып, мыңдаған балаларға үміт сыйлауда.

Жылдың мемлекет қайраткері - Тамара Дүйсенова

Тамара Дүйсенова үкіметтің ең қиын саласын - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін басқарып келеді. Ол өзінің жауапкершілігімен және еңбекқорлығымен көзге түсіп үлгерді.

Жыл бизнесмені - Кеңес Рақышев

Кеңес Рақышев осы жыл ішінде "Қазкоммерцбанктің" ірі акционері атанды, SAT&Company компаниясындағы өз үлесін өсіріп, Астана банкінде үлесін сатып жіберді. Рақышевтің қоғамдық, қайырымдылық жұмыстары кезекпен жүзеге асып отырды. Ол Алматыда селден зардап шеккендерге көмектесіп, жары Әсел Тасмағамбетованың Saby қорын да қолдап үлгерген. Алматыда мектеп салуға уәде беріп, «Тайбурыл» қорына көмек көрсетті.

Жыл публицисі - Ермек Тұрсынов

Режиссёр Ермек Тұрсыновтың осы жылы кино әлемінен қолы босамады. Ол екі философиялық туындысы - «Жат» және «Кенже» драмасын назарға салды.

Жыл қаржыгері - Үміт Шаяхметова

Халық банкін 7 жыл бойы басқарып келген Үміт Шаяхметова өзінің ең сынға алынған ел банкирі атағына үйреніп те қалған сияқты.  Бұл атақ орынды десек те болады. Себебі, Шаяхметова экономикалық ахуал мен монетарлы саясатты ашық сынға алып отыратын бірегей қаржыгерлердің бірі. Шаяхметова девальвацияны қолдайтынын ашық айтқаннан кейін өзіне көп қарсыластар жинап алды. Дегенмен нәтиже көз қуантарлық  - Халық банк ағымдағы жылды 100 млрд теңге пайдамен жаппақ.

Жыл сарапшысы - Ерлан Қарин

Президент тұсындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Қарин көптеген жайттарға пікірін білдірген саясаткерлердің бірі. Соның ішінде маман терроризм мен экстремизм тақырыбына көбірек ден қойған. Ислам мемлекеті мәселесіне белсенді пікір қалдырып отырған сарапшы бірден көпшілік көзіне түсті.

Жыл адамы - Батырхан Шүкенов.

2015 жылы Қазақстан өзінің басты музыканты әрі әншісін жоғалтты. Батырхан Шүкеновті соңғы сапарына шығарып салуға мыңдаған адам жиналды. Елдің ерекше сүйіспеншілігіне бөлінген әншінің қазасы көпшілікке ауыр тиді.

Орталық коммуникация қызметінің сайтынан алынған фотолардың авторлары: Жанара Кәрімова, Владимир Третьяков, Шыңғыс Сайханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/994876-elimizde-zhyl-adamy-2015-zhuldesininh-zhenhim.html