RU

"Қайрат" капитаны Бауыржан Исламхан бал айын Мальдив аралында өткізуде

Әйгілі "Қайрат" командасының капитаны Бауыржан Исламхан сүйіктісі Еркежанмен бал айын Мальдив аралында өткізіп жатыр. Жас жұбайлар жақсы көңіл көтеріп, тамаша сәттердің көріністерін парақшасына жүктеген.

Ғашығымен отбасылық өмірдің ең тәтті шағын кешіп жатқан сұлу бойжеткен әлеуметтік желіде әр сәттен ләззат алатынын жазыпты.

Танымал футболшы да демалыстық ойдағыдай өтіп жатқанына көңілі толады.

Жас жұбайлар суда жүзіп, бір-бірін суретке түсіріп, жанкүйерлерімен бөлісуді де ұмытпайды.

Футболшының жары Еркежан Талғатбекова жұбайы дене жаттығуларымен айналысқанда, өзін суретке түсіріп уақыт өткізгенді ұнататынын айтады.

Сұлу қыз сәнді киімдерін әркез ғаламтор қолданушыларына көрсетіп тұрады.

"Өмірімізде қайғы да, қуаныш та көп болары сөзсіз. Бірақ, ең бастысы соның бәрін екеуіміз бірге жеңіп шығамыз", - деп пікірін қалдырған Еркежан суретінің астына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/995254-qayrat-kapitany-bauyrzhan-islamkhan-ba.html