RU

Ақтау қаласы әкімінің орынбасарын пара беруге мәжбүрлеген шенеуніктер қамауға алынды

Санкциямен Маңғыстау облысы Ревизиялық комиссияның төрағасы мен мүшесі М.Нысанбаев пен А.Әменов қамауға алынды.

Оларды Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының департаменті ұстады, деп хабарлады ведомстводан.

Ревизиялық комиссияның төрағасы М.Нысанбаев, ревизиялық комиссияның мүшесі А.Әменов адамдар тобымен бірігіп алдын ала келісіп делдал арқылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ю.Дирды бюджеттік қаражаттың мақсатсыз пайдалану фактісін жасыру және «Абай атындағы мәдениет үйі» МКҚК 2014-2015 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 млн теңге көлемінде пара беруге мәжбүрледі.

Кінәсін мойындаған Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ю.Дирға қатысты бұлтартпау шарасы - бағалық құны 23,5 млн теңге көлемінде жылжымайтын мүлік түріндегі «кепіл» алынды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жалғастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/995918-aqtau-qalasy-akimininh-orynbasaryn-pa.html