RU

Батыс Қазақстанда күн күрт жылынып, ағаштар бүршік жарып жатыр

Елімізде желтоқсанға тән аяз әзірге жоқ. Тіпті Орал қаласында күн күрт жылынып ағаштар бүршік ата бастаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оралда күтілген қардың орынына жауын жауып, сынап бағанасы + 5 тен жоғары көтеріліп кеткен. Мұнда тіпті көктемнің жаршысы болатын бөртегүл мен шеңгел бүр жара бастапты. Мамандар аптаның аяғында күн күрт суытса жылымықта жарып шыққан бүрлердің бәрі үсіп кетеді дейді.

«Мен мысалы ес білгелі бері желтоқсанда мұндай күн райын көрмеппін. Бүр жарған өсімдіктердің шығыны көп болмайды деп үміттенеміз. Бірақ, олардың көбі келесі жылы көктейді деп айту қиын», - дейді  БҚО экология және биология орталығының бөлім меңгерушісі Таисия Скрипникова.

Ал Орталық Қазақстан өңірі қалың қар мен ақтүтек боранның астында қалды. Салдарынан елордадан Қарағанды мен Көкшетау бағытына жолдар жабылған. Синоптиктер мұны Атлантикадан ығысқан жылы циклонның әсері дейді. Сондықтан алдағы 3 күн осылай көз аштырмайтын боран болады деген болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/995947-batys-qazaqstanda-kun-kurt-zhylynyp-agh.html