RU

Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы әуежайындағы рейстер кейінге қалдырылды

Алматы халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығы салдарынан  ұшатын 10 және ұшып келетін 5 рейс кейінге қалдырылды.

3 халықаралық рейс - Үрімжіге 2 рейс, Майндағы Франкфуртке бір, республика бойынша Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қостанай, Павлодар Ақтөбеге ұшырылым тоқтатылды.

Үрімжіден екі рейс, Павлодар, Қарағанды, Оралдан бір-бірден рейстер кейінге шегерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996103-qolaysyz-aua-rayynynh-baylanysty-alma.html