RU

Әнші Psy қытайлық фильмге түспек

Gangnam Style әнімен әлемді еліттірген Оңтүстік Корея тумасы және әнші Psy таяуда тағы бір қырынан танылмақ. Әртіс «Из Вегаса в Макао 3» атты қытайлық фильмге түседі.

Атыс-шабыс пен әзіл-қалжыңға толы бұл картинада ол атақты актер Чоу Юнь Фатпен бірге ойнайды, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Psy-дың ойнайтын рөлі туралы ресми ақпарат жоқ. Бірақ, БАҚ хабарлауынша, ол құмар ойындар жөнінен маман рөлін сомдайтын болады. Қытайлық көрермен бұл фильмді ақпанның басында тамашалай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996225-anshi-psy-atys-shabys-turaly-filmge-tused.html