RU

Ақтөбелік әйел 50 жасында өмірге егіз бала әкелді

Ақтөбеде сирек кездесетін жағдай орын алды. 49 жастағы әйел өзінің мерейтойы қарсаңында егіздерді дүниеге әкелді.

Бұл туралы "Диапазонға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Егіз қыз балалар 22 желтоқсан күні кесар тілігі арқылы облыстық емхананың босандыру бөлмесінде дүниеге келді.

Дәрігерлердің айтуынша, 49 жастағы әйел ана атанғаннан кейін 24 желтоқсанда 50-ге толған.

Нәрестелердің анасы өзін жақсы сезінеді дейді ақ халаттылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996287-aqtobede-ayel-ozininh-50-zhyldyghy-qarsanhy.html