RU

Бразилия дәрігерлері бала тууды тежеуге кеңес берді

Елде соңғы кездері науқас сәбилердің туылуы жиілеп барады. Себебі мұнда ауру таратқыш масалар адамдарға Зика вирусының дертін жұқтырып, соңы ауыр салдарға апарып соқтыруда деп жазады 24.kz.

Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әйелдерге бала тууды тежей тұруға кеңес берді. Әсіресе, микроцефалия дертімен туылған сәбилер саны күн санап артып барады, деп хабарлайды RT.

Медиктердің мәліметінше, бұған бала көтерген әйелдердің соған дейін Зика вирусының дертін масалардан жұқтырып, ауруы тікелей себеп болған. Биыл осы дертпен 2 жарым мыңға жуық сәби дүниеге келіпті. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 147 адамды құраған. Дәрігерлердің айтуынша, осы жылы шетінеген 29 сәби осы дертке шалдыққан болуы ықтимал.

Микроцефалия – сәбидің бас сүйегі мен миының едәуір кішірейіп, кемістікпен туылу дерті. Кесірінен баланың дамуы артта қалып, кейде, тіпті осының салдарынан шетінеп кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996336-braziliya-darigerleri-bala-tuudy-tezhe.html