RU

Алматыда төсек қатынасына түспеген бойжеткен екіқабат болып қалды

Аяғының ауырлағанын 18 жастағы қыз анасымен бірге емханаға барғанда бір-ақ білген. "Ішім ауырып" жүр деген қызын дәрігерге ертіп барған әйел де бұған қатты таңқалған.

Бұл туралы NUR.KZ интернет-порталынының тілшісіне аталған жағдай орын алған отбасының мүшесі хабарлаған. Белгілі бір себептермен отбасы аты-жөндерін жасырып қалуды жөн көрді.

Кәмелет жасына келген қызын дәрігерге жетектеп әкелген анасы жуырда немерелі болатынын, қызы жүктіліктің 7-нші айында екенін естіп, есінен таңып қала жаздаған. Жүкті болғанын білмейтін қыздың өзі әлі пәк екенін айтып, ақталмақ болған. Қыздың ешкіммен төсектес болмағанын оны тексерген дәрігер-гинеколог  та растады.

Кейін анықталғандай, қыз бала жігітімен оңашада қалып, ойнаған. Біраз жерге дейін барып, шешінген, бірақ жыныстық қатынасқа түспеген. Дегенмен жігіттен бөлініп шыққа биологиялық сұйықтық қыздың ішіне түскен. Енді қызды түрткен жоқпын деп жігіт ат-тонын ала қашып, үйленуден бас тартып отыр.

Отбасы Қазақстанға өзге елден жұмыс істеуге келгенін айта кету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/996411-almatyda-tosek-qatynasyna-tuspegen-b.html